USD
USD
USD

ЕО елдері газ бағасының қымбаттауына қарсы шаралар жөнінен келісе алмады

Еуроодақ елдерінің энергетика министрлері электр энергиясы мен газ бағасының өсуіне қарсы шаралар бойынша ортақ шешімге келе алмады.

ЕО елдері газ бағасының қымбаттауына қарсы шаралар жөнінен келісе алмады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кейбір елдер ірі кәсіпорындарды халыққа көмектесуге мәжбүрлеу керек десе, енді бірі жылу мен электр энергиясын үнемдеуді ұсынды. Бірақ басты қайшылық газ бағасының жоғарғы шегіне байланысты туындады. Одақтың 15 елі оны реттеуді қолдаса, Германия қарсы шықты. Нәтижесінде энергетикалық компаниялардың артық кірісіне салық салып, жарықты қолдануды 5 пайызға ғана азайту жөнінде шешім қабылданды.

  Йозеф Сикела, Чехия өндіріс министрі:

 –  15 мемлекет бағаны шектеу дұрыс деп отыр. Бірақ оны техникалық тұрғыдан жүзеге асыруға келгенде  пікір әртүрлі. Сондықтан Еурокомиссиядан сарапшылар тобын құрып, ұсыныстардың оң және теріс жақтарын зерттеуді сұраймыз.

Роберт Габек, Германия экономика министрі:

– Біз газдың қорын жеткілікті мөлшерде жинап, шикізат Еуропаға тоқтаусыз тасымалданатын жағдайда ғана оған шектеулі бағаны енгізе аламыз. Әйтпесе Одақ елдерінде көгілдір отын тапшылығы сезіліп, мемлекеттер арасында кикілжің туындайды. Сондықтан мұны саяси тұрғыда жүзеге асыру мүмкін деп ойламаймын. Бұл тіпті ЕуроОдақ үшін қауіпті жағдай.
 

Қазір оқып жатыр

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент

«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады

Ким Кон Хи

Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады

Бейбіт Құсайынов