USD
USD
USD

Энрике Иглесиасқа Қазақстанда жанкүйерлерін сүюге рұқсат етіле ме?

Әйгілі испан әншісі Энрике Иглесиас 3 қыркүйекте Астанадағы «Астана Аренада», ал 5 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда концерт береді.

Энрике Иглесиас
Фото: instagram.com/enriqueiglesias

Астана, NEGE. Журналистер Мәжіліс кулуарында мәдениет вице-министрі Қанат Ысқақовқа Энрике Иглесиастың шоуына қатысты сұрақ қойды. Әнші концертінде жанкүйер қыздардың бірін сахнаға шақырып алып, онымен сүйісетін әдеті бар. Осы орайда журналистер вице-министрден «Қазақстанда бұған рұқсат етіле ме?» деп сұрады.

«Шынымды айтсам, мен Энрике Иглесиастың шығармашылығын бақыламаймын, сондықтан айта алмаймын. Бірақ міндетті түрде біздің заңнаманы бұзатын әрекеттер болмауы үшін әріптестерімізбен сөйлесеміз. Сонымен қатар бұл біздің дәстүріміз бен мәдениетімізге жат», – деді ол.

Сондай-ақ, Ысқақов әртістер Қазақстанда қабылданған этикалық және моральдық нормаларды сақтауы керек екенін ескертіп өтті.

Қазір оқып жатыр

Фельдшердің өлімі: сарапшы үйдің фасадының құлауына жобалық қателік себеп болғанын айтты

Вероника Лобаева

Алматыдан Лондонға бет алған Air Astana ұшағы Франкфуртқа қонуға мәжбүр болды

 Air Astana

Шымкентте дрон заңсыз қоқыс төккен КамАЗ жүргізушісін әшкереледі

белгіленбеген орынға қоқыс төккен

ДСМ телеарналар мен әлеуметтік желілерде фастфуд жарнамасын шектеуді ұсынды

жарнама