USD
USD
USD

Енесінің бағалы заттарын қолды еткен келін ұсталды

Шымкентте енесінің бағалы заттарын қолды еткен келін ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 Енесінің бағалы заттарын қолды еткен келін ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. Қаратау ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол онда өзінің келіні үйде ешкімнің жоғын пайдаланып, сөреде тұрған құны 370 000 теңгені құрайтын алтын бұйымдарын және 100 АҚШ долларын жасырын түрде қолды еткенін жазып көрсеткен.

Аталған жайт бойынша полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларына жұмылды. Оқиға орын алған жерді мұқият қарап, қажетті шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде тәртіп сақшылары енесінің заттарын ұрлаған 34 жастағы азаматшаны бір жарым тәулік ішінде ұстап, басқармаға жеткізді.

Тексеру жұмыстары мен сұрақ-жауап алу барысында ұсталған азаматша бұл қадамға үйдегі жанжал себеп болғанын айтқан. Сондай-ақ, қолды еткен заттарын өзінің бас пайдасы үшін сатып жібергені белгілі болды. Қазіргі кезде оған қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті