USD
USD
USD

Енесінің алтындарын ұрлаған жігіт ұсталды

Түркістан облысы Шардара ауданында күйеу баласы енесінің алтын бұйымдарын ұрлап кеткен. Келген шығын көлемі – 1 млн 700 мың теңге. 

Енесінің алтындарын ұрлаған жігіт ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жәбірленуші үйіне ұры түскенін айтып, полицияға арызданған.

Айтуынша, белгісіз біреу оның үйіне терезе арқылы кіріп, жатын бөлмесіндегі алтын жүзігі мен алтын сырғасын қолды еткен.

Сондай-ақ, бағалы бриллианттары мен алқаларын жымқырып кеткенін хабарлапты.

Осы қылмысты дер кезінде ашу мақсатында Шардара АПБ қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылған.

Сөйтіп жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктінің кім екені анықталған.

Ол жәбірленушінің күйеу баласы болып шыққан.

Тергеу барысында берген жауабында ол оңай жолмен ақша табу мақсатында қараусыз тұрған үйге кіріп, алтын бұйымдарды жымқырғанын айтқан.

«Күдікті ұрлаған алтындарды үйінің ауласындағы гаражына тығып, сатудың оңтайлы сәтін күткен. Бүгінде полицейлер күдіктіден айғақты зат ретінде алтын бұйымдарды тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр» делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум