USD
USD
USD

Енесінің ақшасын жымқырған келін ұсталып қалды

Полицейлер енесінің ақшасын ұрлаған келінді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Енесінің ақшасын жымқырған келін ұсталып қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. Түркістан облысы Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын шағымданған. Ол арызында есеп шотындағы ақшасының жоғалып кеткендігін көрсеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді. Осы іс бойынша полиция қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізді. Іздестірудің нәтижесінде күдікті азаматшаны өз үйінен ұстады. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеушілердің тиянақты жұмыстарының нәтижесінде күдікті азаматша арызданушының келіні болып шықты. Келіні енесінің ұялы телефонын жасырын түрде алып, өз есеп шотына ақша аударып алған. Сондай-ақ күдікті азаматша ақшаны құмар ойындарға және киім алуға жаратып жіберген. Келтірілген шығын көлемі 126 мың теңгені құрайды. Азаматшаның басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр. Бұрын сотталмаған. Азаматша кінәсін толықтай мойындады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық ғалым беделді халықаралық сыйлыққа ие болды

Әсел Шәрімова

Temu мен Shein киімдері Еуропадағы қоқыс контейнерлерін толтырып жатыр

Temu

Ұлттық кітап күні Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

жетісу

Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған

мас күйде көлік жүргізу