USD
USD
USD

Энергетиктер ескірген көмір электр стансаларын немен алмастырмақ?

Әлемде жыл сайын бірнеше көмір электр стансалары қолданыстан шығып жатыр. Көп мемлекет мұның орнына сенімді әрі «жасыл» энергия көзі – атом электр стансасын салады.

Энергетиктер ескірген көмір электр стансаларын немен алмастырмақ?
Фото: NEGE.kz

Көмірден – АЭС-ке

Заманауи экологиялық талаптардың өз ережесі бар. Жаңа электр стансасын салатын компаниялар және үкімет мұны қатаң сақтауы тиіс. Ғасырдың ортасына дейін көміртектік бейтараптыққа қол жеткізгісі келген елдер дәстүрлі көмір ЖЭС-ін салудан тартынады. Егер компаниялар көмір стансаларын салуды қарастырса, СО2 шығарымдарын анықтайтын технологияларды пайдалануы қажет. Бұл жобаларды табыстан қағады. Бизнеске көмір стансаларын кредитпен қамтамасыз ету қиынға соғады. Өйткені, банктер мен даму институттары қаржыландырудан бас тартады.

Мәселен, Еуропаның қайта құрылымдау және даму банкі қазірдің өзінде көмір жобаларына кредит беруден бас тартып отыр. Сол себепті де көмірмен жұмыс істейтін жаңа электр стансасын салу компанияларға қымбатқа түседі.

Көмір электр стансалары  базалық генерация ретінде қолданылады (яғни үздіксіз және тұрақты элетр қуатын өндіреді). Тиімдігі тұрғысынан оны тек АЭС қана алмастыра алады. Көмір ЖЭС-терінің бекітілген қуатты пайдалану коэффициенті 60-85% болса, АЭС-тікі 90%-дан асып жығылады. Бұл – электр жинақтаудың барлық түрі бойынша ең ірі көрсеткіш.

Жаңартылатын энергия көздеріне келсек, олар негізгі энергия жүйесі ретінде қолданылуға келмейді. Табиғатқа, ауа-райына тәуелді болғандықтан тәулік бойы тұрақты түрде электр қуатын өндіре алмайды. Күн және жел стансаларының бекітілген қуатты пайдалану коэффициенті – 30%.

Дәстүрлі ЖЭС-тің басқа баламалары – бу-газ қондырғылары газ бағасының жоғарылығына, ресурстардың шектеулілігіне, тасымал қиындығына байланысты кең таралмаған.

АЭС экономикасы

АЭС салудағы даулы мәселе – жобаның құны. Атом стансаларының бастапқы шығыны өте жоғары. Қуат блоктарына $5-тен $10 млрдқа дейін инвестиция тартуды талап етеді. АЭС 60-80 жыл жұмыс істейді. Неғұрлым ұзақ жұмыс істеген сайын, электр қуаты арзандай түседі.

Мәселен, Чехиядағы, Словакиядағы, Болгариядағы, Финляндиядағы АЭС тартылған инвестицияны ақтап шықты. Қазір ең арзан электр қуатын өндіріп жатыр. Халықаралық энергетикалық агенттіктің мәліметі бойынша, Еуроодақ үшін қолданыстағы ядролық энергетика нысандарын ұзақ мерзімді пайдалану – электр қуатын өндірудің ең үнемді нұсқасы.

Энергетикалық жобалардың есебі мен  құнын салыстырудың бірқатар тәсілдері бар. Бірақ қуаттың нормалық құны кеңінен пайдаланылады. БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясының соңғы баяндамасына сүйенсек, ядролық энергетикаға ықпал ететін ең маңызды фактор – атом электр стансасының құрылысына кететін шығын. Отындықтың, пайдалану және техникалық қызмет көрсету, жөндеу жұмыстарының шығындары аса көп емес. Бұл – ядролық энергетиканың экономикалық артықшылығы.

Бүгінде әлемнің ең ірі экономикаларында көмір, газ және жел электр стансаларына қарағанда, жаңа АЭС көп. Отындықтардың есебімен үнем жасалады. Ядролық отындық ретінде қолданылатын 4%-ға дейін байытылған уранның 1 келісі 100 тонна жоғары сапалы тас көмір немесе 60 тонна мұнайды жаққандай энергия бөледі. Сондықтан да мұндай тауардың логистикасының шығындары да азырақ.

Уран бағасын «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы бақылайды. Бағаны қолайлы деңгейде сақтау үшін өндірісті қысқартады. Осылайша, АЭС отындығының бағасы құбылмалы емес, жаңа АЭС есебінде оңай болжам жасалады.

Дәстүрлі ЖЭС-тер отындығының бағасын алдын ала білу мүмкін емес. Еуропада соңғы кездері газдың бағасы рекордтық көрсеткішке жетіп, тұтынушылар қыста жылусыз қалды. Геосаяси жағдай да қуат тасымалдағыштарға ықпал етеді. Наурыз айында газ бағасының шаршы метрі $2500-дан асып жығылды.

Жаңартылатын энергия көздерінің бірнеше тәуекелі бар. Атап айтқанда, метариалдардың қымбаттауы, аккумуляторлардың жоғары бағасы және төмен тиімділігі. Электр қуатын жеткізудің де шығыны шаш етектен. Жел үшін жеткізу шығыны үш есе көп. Энергия жүйесінде үлесі артқан сайын ЖЭК-тің шығыны да артады. Оның үстіне жел және күн энергетикасы көп желіні қажет етеді. Өйткені, олар барынша жұмыс істеуі тиіс. ЖЭК электр энергиясын өндірмейтін сағаттарда оларды дереу қосылатын стансалармен алмастыру керек. Мұндай маневрлік стансалардың электр қуаты қымбат. Өйткені, олар энергия жүйесіндегі «тесікті» бекіту керек кезде ғана жұмыс істейді. Қазақстанда олар су ресурстары шектеулі болғандықтан газбен жұмыс істейді.

Экологиялық жауапкершілік

АЭС – декарбонизацияның маңызды элементі. БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясы атом энергетикасын төменгі көміртекті қуат көзі ретінде қарастырады. CO2 қалдықтарын болдырмайды. Комиссия баяндамасы бойынша, соңғы елу жылда атом энергиясының арқасында CO2 қалдығы 74 Гт-ға аз бөлінген.

«Бұл технологияны енгізуді ұйғарған елдер үшін, атом энергетикасы – төменгі көміртекті электр қуатының және көміртекті бейтараптылыққа ықпал ететін жылу көзі. Сондықтан климаттың өзгеруін жұмсартады. 2030 жылға дейін тұрақты дамуға қол жеткізеді», – дейді БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысы Ольга Алгаерова.

Еске сала кетсек, Қазақстан Климат жөніндегі Париж келісімі аясында 2030 жылға қарай парник газын 15%-ға азайту туралы міндеттеме алған. Былтыр қазан айында таныстырылған доктрина оны бірден 40%-ға азайтуға мүмкіндік береді. Бұл – Қазақстанда көмір стансаларының орнына балама энергетика келеді деген сөз. Атом электр стансасы бұл үдеден көріне алады.

Қазір оқып жатыр

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент

«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады

Ким Кон Хи

Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады

Бейбіт Құсайынов