USD
USD
USD

Энергетикалық сусындардан қауіпті консервант табылды

Нұр-Сұлтан қаласында алкогольсіз сусындардың шамамен 19%-і ЕАЭО-ның техникалық регламентіне сәйкес келмейді, деп хабарлайды қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Энергетикалық сусындардан қауіпті консервант табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Нұр-Сұлтан қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 2022 жылы өнімдердің қауіпсіздігін бақылау аясында импорттық және отандық өндірістен шыққан алкогольсіз сусындардың 63 үлгісін, соның ішінде энергетикалық сусындардың 23 үлгісін сараптамаға іріктеп алды.

"Зертханалық зерттеу нәтижесі бойынша импортталатын 12 сусынның сынамасы, соның ішінде 5 энергетикалық сусынның сынамасы Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келмеген", - деп мәлімдеді департамент.

Сусындарда натрий бензоаты концентрациясының 1,1-ден 1,2 есеге дейін асып кеткені анықталған.

Айта кетері, натрий бензоаты – бензой қышқылының натрий тұзы, басқаша айтқанда бұл консервант – Е-211 тағам қоспасы.

Әдетте Е-211 қоспасы тамақ өнеркәсібінде синтетикалық консервант ретінде кеңінен қолданылады. Консервант бактериялардың көбеюіне, зеңнің, токсиндердің пайда болуына жол бермейді. Е-211 қоспасын өнімнің жарамдылық мерзімін ұлғайту үшін қосады.

"Алайда Е-211 консервантының шамадан тыс қолданылуы өнімнің дәміне ғана әсер етпейді, сонымен қатар адам денсаулығына қауіп төндіреді. Кейбір адамдарда натрий бензоатынан аллергия болады. Құрамына Е-211 консерванты қосылған өнімдерді С дәрумені бар өнімдермен қатар қолдануға болмайды. Өйткені натрий бензоаты мен аскорбин қышқылы өзара әрекеттескен кезде бензол пайда болады, ал ол қатерлі ісікке шалдықтыруы мүмкін", - деп ескертті департамент мамандары.

Сондай-ақ өнім қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу барысында астанадағы дүкен сөрелерінде жарамдылық мерзімі өткен сусындардың сатылатыны анықталды.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу