USD
USD
USD

Энергетика вице-министрі тағайындалды

Жандос Нұрмағанбетов Қазақстан энергетика вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан премьер-министрі баспасөз қызметі сайтында жарияланды.

Энергетика вице-министрі тағайындалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бойынша Жандос Демесінұлы Нұрмағанбетов ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалады", - делінген хабарламада.

Жандос Нұрмағанбетов 1981 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Халықаралық бизнес университетін, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, "КИМЭП университеті" АҚ бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы жеке құрылымдарда бастаған. 2005-2010 жылдары - "Қызылорда ТЭК" АҚ бас директоры.

2011-2013 жылдары – "Қызылорда" ӘКК" ҰК" АҚ басқарма төрағасы. 2013 жылдан бастап 2019 жылға дейін жеке компанияда жұмыс істеді.

2020 жылдан бастап қазірге дейін "KEGOC" АҚ Стратегия және даму жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе