Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Энергетика саласына маман тоқтамай жатыр

Энергетика министрлігі салаға маман тоқтамай кеткеніне алаңдаулы, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Энергетика саласына маман тоқтамай жатыр
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE.  Энергетика вице-министрі Қайрат Рахимовтың айтуынша, кейінгі 4 жылда энергетика саласынан 3 мың маман кеткен. «Электр энергетикасындағы еңбекақының төмен деңгейі мамандардың басқа салаларға кетуіне әкеледі. Электр және жылу энергиясын өндіру секторы - жоғары білікті мамандарды талап ететін өте күрделі процесс. Саланың бір ерекшелігі, тіпті ең төменгі лауазымдарда да арнайы білімді талап етеді. Бүгінгі күні біз мамандардың өнеркәсіптің басқа салалары мен шекаралас мемлекеттерге кетуін байқап отырмыз», - деді Рахимов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында. Вице-министр мұндағы негізгі себеп – электр энергетикасындағы еңбекақы төмендігі деп отыр. Ал маман тапшылығы нысандарды тапсыру мен пайдалануға беру мерзімінің бұзылуына тап келтіретін көрінеді. «2016 жылы Қазақстанның негізгі электр стансаларында өндірістік персоналдан 26 мыңнан астам адам жұмыс істесе, 2020 жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемінің 15% ұлғайғанына қарамастан, олардың саны 23 мың адамнан аспайды», - деді Қайрат Рахимов.

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясы: Қазақстан шикізатты аз, дайын өнімді көп сатуы керек

Айбек Дәдебай

ҚХП алимент бойынша берешекті өтеу үшін арнайы қор құруды ұсынды

Нұрсұлтан Шоқанов

«Байтақ» төрағасы: Біз Экономика және Қаржы министрлігін алмастырмаймыз

дебат

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті