USD
USD
USD

Энергетика министрлігі Қытаймен келісімшарт жасалмағанын мәлімдеді

Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі Қашаған кен орнында газ өңдеу зауытын салу жобасы бойынша отандық және Қытай компаниялары арасында жасалған келісімшарт туралы БАҚ беттерінде тараған ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. 

Энергетика министрлігі Қытаймен келісімшарт жасалмағанын мәлімдеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазіргі уақытта бұл жоба бойынша барлық мәселе қаралу сатысында, ешқандай уағдаластық және келісімшарт жасалған жоқ», – делінен хабарламада.

Министрлік дерегінше, Ұлттық экономика (Қашаған ГӨЗ салу бойынша жұмыс тобы ҚР ҰЭ министрлігі жанынан құрылған – ред.) және Энергетика министрлігінің үйлестіруімен Қашаған газ өңдеу зауытын салуға дайындық қарқынды жүріп жатыр. Бұл жоба Қашаған кен орнынан 1 млрд текше метр шикі газ өңдеуге мүмкіндік береді.

Нәтижесінде, еліміз бағалы экспорттық ресурс – тауарлы газдың қосымша көлемін алып қана қоймай, сондай-ақ, Қашаған стратегиялық кен орнында мұнай өндірудің шектеуін алып тастамақ. Қашаған газ өңдеу зауытын салу жобасы шикі газды жағу мен кері айдау орнына қайта өңдеудің Ұлттық бағдарламасы аясында іске асырылады.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский