USD
USD
USD

Энергетика министрлігі Қазақстан АЭС салуға қанша қаражат жұмсайтынын айтты

ҚР Энергетика министрлігінің Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаментінің директоры Жаслан Қасенов Қазақстанда атом электр станциясын салуға шамамен қанша қаржы жұмсалатынын айтты.

Энергетика министрлігі Қазақстан АЭС салуға қанша қаражат жұмсайтынын айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Қаражат туралы айтар болсақ, халықаралық тәжірибе көрсеткендей, қуаттылығы 1000-1200 мегаватт болатын бір энергоблок құрылысы шамамен 5 миллиард доллар тұрады.

Бұл халықаралық тәжірибе екенін, атом электр станциясын салудың әлемдік нарығы көрсетіп отырған баға екенін тағы да айтамын. Әрине, дәлірек соманы нақты мердігерді анықтағаннан кейін және келіссөздер барысында ғана анықтауға болады. Бұл көптеген факторға байланысты болып отыр. Бірақ болжамды сома - осы", - деді Қасенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Ол қаржыландыру көзі келіссөздер барысында пысықталатынын түсіндірді. Өйткені қаржыландыру мен қаражат тартудың түрлі механизмдері бар.

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама