USD
USD
USD

Энергетика министрлігі: АЭС салу туралы шешім әлі қабылдаған жоқ

Елімізде жаңа атом электр станциясын салу туралы шешім әлі қабылданған жоқ. Ол бастаманы қолға алу үшін елде қажеттілік болу керек. Ал қазір электр қуатына тапшылық әзірге сезіліп отырған жоқ. Энергетика министрлігі осындай мәлімдеме таратты, деп хабарлайды Atameken Business.

Энергетика министрлігі: АЭС салу туралы шешім әлі қабылдаған жоқ
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE.  Дегенмен, қазір АҚШ, Оңтүстік Корея, Франция, Қытай, Ресей және басқа да елдердің реакторлық технологиялары зерттеліп жатырғанын жеткізді. Аталмыш мәселе жыл басынан бері қызу талқыланып келеді. Ол үшін тіпті Алматы облысындағы Үлкен аулынан жер телімін сайлап та қойған еді. Бірақ нақты шешім болмағандықтан, Энергетика министрлігі бұл мәселені кейінге шегере салған. Осыны ескерген президент Қасым-Жомарт Тоқаев та маусым айында мұндай құрылыстың жоспарда жоқ екенін ескертті. Осыдан бір апта бұрын Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин «Росатомның» Қазақстанда атом электр стансасын салуға дайын екенін мәлімдеді. Ал ұсыныстың өзін екі жыл бұрын Владимир Путин Мәскеуде Қазақстан Президенті Тоқаевпен келіссөздер жүргізу кезінде айтқан болатын. Ел билігі атом электр стансасын салу туралы соңғы шешімді ел тұрғындарымен бірлесіп қабылдайтындарын айтады.

Қазір оқып жатыр

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі

Маңғыстауда алаяқтық дерегі бойынша танымал блогер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Салтанат Аманқосова