USD
USD
USD

Энергетика министрі Болат АҚШОЛАҚОВ қызметінде қала ма?

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстандағы жанар-жағармай нарығына қатысты баспасөз конференциясына қатысып, журналистердің сұрақтарына жауап берді. 

Энергетика министрі Болат АҚШОЛАҚОВ қызметінде қала ма?
Фото: NEGE.kz

Үкіметте ауыс-түйіс басталды. Тағайындауларға қатысты Ақорданың баспасөз қызметі Президенттің Жарлықтарын шетінен жариялап жатыр. Бұрынғы лауазымын сақтап қалғандар да, «үн-түнсіз» кеткендер де бар. 

Осы ауыс-түйістерге қатысты NEGE-нің тілшісі Энергетика министріне сауал қойды: Үкіметтегі ауыс-түйістерге байланысты қазіргі лауазымыңызда қалудан үміттісіз бе? Орнымда қалуым керек деп есептейсіз бе?

«Мен бұл сұраққа бірнеше рет жауап бердім. Қажетім бар болса, керек болсам қалдырады. Жоқ болса – жоқ. Бұл өзімнің ішкі шешімім емес. Ол үшін шешім қабылдайтын кісілер бар», – деп жауап берді Ақшолақов.

Сөз ауанына қарағанда, «министрдің міндетін атқарушы» Б.Ақшолақов қызметінде қалуға үмітті сияқты. Қала ма, қалмай ма, бұл жағы бүгін-ертең белгілі болмақ.

Қазір оқып жатыр

eGov-та шұғыл ауруханаға түскенде жақындарыңды хабардар ететін қызмет іске қосылды

eGov

ШҚО-да әйел адамды өлтірді деген күдікпен оқушы ұсталды

Кісен

Дания Еспаева: 2027 жылғы бюджетте қауіпсіздік қоры жоқ

Дания Еспаева

Бақытжан Базарбек қатысқан жол апатында зардап шеккен ер адам ауруханадан шықты

Нұржігіт Қошановтың ауруханадан шыққан сәті