USD
USD
USD

Энергетика министрі АЭС құрылысын қолдады

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстанда Атом электр станциясын салудың артықшылықтарын айтты.

Энергетика министрі АЭС құрылысын қолдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Иә, мұнайдың бір баррелі 96 доллар болатыны туралы жаңалық шықты. Мұнайдың бағасы жоғары болса, бірінші кезекте бюджет пен Ұлттық қорға түсетін кіріс жоғары болады. Ведомство биыл 87,5 млн тонна деңгейінде мұнай өндіруді жоспарлап отыр. Оның 17,9 млн тоннасы ішкі өңдеуге бағытталады», - деді Болат Ақшолақов.

Министр қалған мұнайдың бәрі экспортқа шығатынын ескерсек, бюджетке түсетін салық көбеюі мүмкін екенін айтады. Дегенмен, ол бұл тенденцияның кейбір жағымсыз жақтары да бар екенін ескертті.

«Мұнай бағасы өте жоғары болса, аса жақсы емес. Өйткені барлық біріктірілген шығын материалдарының: құбыр өнімдерінің, химиялық реагенттердің бағасы өседі. Яғни, мұнайды алуға қажет және мұнайда алынатын түрлі матералдар қымбаттайды. Кейін мұнай бағасы түскенімен, әлгі бұйымдардың бағасы сол күйі қалып қояды. Мұнай өндіруші кәсіпорындар қазірдің өзінде осыдан зардап шегуде. Сондықтан, менің ойымша, ыңғайлы дәліздің шегі, 80 доллардан (бір баррель үшін. –ред.) сәл жоғары болса, әрине, жақсы. Мұны әлемдегі нарық көрсетеді», - деп түйіндеді Энергетика министрі.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама

Тоқаев ШЫҰ Су мәселесін талдау орталығын құруды ұсынды

су қауіпсіздігі