USD
USD
USD

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады

28 мамырда «Теңізшевройл» компаниясының өндірістік нысандарының бірінде ақау шығып, салдарынан мұнай өндіру көлемі уақытша төмендеді.

Теңізшевройл
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Энергетика министрлігінің ресми өкілі Әсел Серікпаева мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта компания қажетті жедел шараларды қабылдауда, кен орнындағы өндіру процесі біртіндеп қалпына келуде. Қызметкерлерге, тұрғындарға және қоршаған ортаға қауіп төнген жоқ», – деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі.

Кен орнындағы жағдайды Энергетика министрлігі бақылауға алған.

Еске салсақ, Reuters ақпарат агенттігі дереккөзіне сүйеніп, Теңіз кен орнында тағы бір апатты жағдай тіркелгенін, салдарынан тәуліктік өндіріс қалыпты жағдайдағы 125 мың тонна деңгейінен 5-10 мың тоннаға дейін төмендегенін хабарлаған болатын.

Қазір оқып жатыр

Temu-дың табысы төмендеп барады – сарапшылар

Temu

Ақмола облысында 20 гектардан астам аумақ өртке оранды

Ақмола облысы

Қазақстанда бөлшек кредит нарығының өсімі баяулаған

Тұрғын үй

Астанада мұнаралы кран құлап, краншы қаза тапты

Кран