USD
USD
USD

Энергетика министрлігі КҚК толық тоқтайды деген ақпаратты жоққа шығарды

Қазақстанның Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының жұмысы толық тоқтайды деген ақпаратты жоққа шығарды.

КҚК
Фото: КҚК баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Министрліктің ресми өкілі Әсел Серікпаеваның хабарлауынша, мұндай сценарий қарастырылып отырған жоқ.

31 шілдеде КҚК мұнай құбырының жұмысын уақытша тоқтатқан. Соған қарамастан, жүк жөнелтушілерден мұнай қабылдау және резервуарлар паркін толтыру жұмыстары жалғасып жатыр.

1 тамыздан бастап консорциум тәулігіне 100 мың тонна мұнай қабылдайды. Мұнай тасымалдау көлемінің одан әрі ұлғаюы теңіз терминалында танкерлердің тиеуге уақтылы қойылуына байланысты болады.

Энергетика министрлігі КҚК және жүк жөнелтушілермен тұрақты байланыста екенін мәлімдеді. Қазіргі жағдай министрліктің бақылауында.

Бұған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі 17 және 19 шілдеде Қара теңізде Каспий құбыры консорциумы арқылы мұнайды заңды түрде тасымалдауға тартылған азаматтық кемелерге ұшқышсыз ұшу аппараттарының жасаған шабуылдарын қатаң айыптайды.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер