USD
USD
USD

Энергетика министрлігі кей өңірде жарықтың сөнуіне не себеп болғанын түсіндірді

Энергетика министрлігі 14 тамызда Қазақстанның бірқатар өңірлерінде электр жарығының өшуіне байланысты түсініктеме берді.

Электр жарығы
Фото: kegoc.kz

Астана, NEGE. Министрлік өкілдерінің хабаралуынша, жүйеде қуат шамадан тыс артып кеткен, оған Орталық Азияның энергетикалық жүйесі тарапынан электр энергиясы ауысымының күрт өзгеруі себеп болған.

«Нәтижесінде апатқа қарсы автоматика іске қосылып, тұтынушылар электр қуатынан ажыратылды. Қазіргі уақытта «KEGOC» АҚ жүйелік операторы қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Кей өңірлерде электр энергиясымен қамту қалпына келтірілді», – делінген ведомство хабарламасында.

Жағдайды Энергетика министрлігі бақылауға алған. Сондай-ақ электрмен жабдықтауды қалпына келтіру барысы туралы қосымша хабарланатыны атап өтілген.

Еске салсақ, бүгін, 14 тамызда Алматы қаласы мен Алматы облысындағы бірқатар ауданда электр жарығы сөніп қалғанын жазған едік. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ әуе электр беру желілерінің апаттық ажыратылуы салдарынан желілерде апатқа қарсы автоматика іске қосылғанын хабарлады.

Қазір оқып жатыр

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев