USD
USD
USD

Энергетика министрлігі 2025 жылы газ өндіру 62,8 млрд текше метрге дейін өседі деп болжады

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында газ саласын дамыту мәселесі қаралды. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов негізгі көрсеткіштер туралы баяндады.

Газ
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2024 жылдың қорытындысы бойынша газ өндіру көлемі 59 млрд текше метрге жетті, 2025 жылға арналған өндіру жоспары 62,8 млрд текше метр болады.

Газ өндірудің негізгі өсімі Қарашығанақ, Теңіз және Қашаған ірі кен орындары есебінен көзделуде.

«2024 жылы тауарлық газ өндіру көлемі 28,7 млрд текше метрді құрады. 2025 жылға арналған өндіріс жоспары – 29,4 млрд текше метр. 2025 жылдың I тоқсанында 7,3 млрд текше метр өндірілді», — деп атап өтті Ерлан Ақкенженов.

Қазір оқып жатыр

Оң рөлді көліктерді такси ретінде пайдалануға тыйым салынады: ІІМ баллдық жүйе енгізбек

Alphard

Премьер-министр түнде тұрғындардың тыныштығын бұзатын көлік иелерін қамауға алуды тапсырды

Мотоцикл

Бектенов бірқатар өңірде жылу желілерін жөндеу жұмыстары толық аяқталмағанын сынға алды

Үкімет отырысы

Сапасыз қасбет тақталарын жеткізген кәсіпкер 43,5 млн теңге шығынды төлеуге міндеттелді

Құрылыс компаниялары