USD
USD
USD

Енді зиратта бос орынның бар-жоғын әкімдіктің сайтынан білуге болады

Жерлеу және зираттарды күтіп ұстаудың жаңа ережелері бекітілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Енді зиратта бос орынның бар-жоғын әкімдіктің сайтынан білуге болады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Жергілікті атқарушы органдар зират қорымы орналасқан және оларға арналған ортақ пайдаланудағы жерден әрбір қайтыс болған азаматты немесе тұрғылықты жері белгісіз адамды жерлеу үшін кемінде 6 м2 болатын, бірақ 8,1 м2 аспайтын жер учаскесін тегін бөледі. Зират қорымының аумағы зираттар қатарына бөлінетін және автомобиль көлігіне арналған өтпе жолдармен және зират учаскелеріне өтетін жолдармен жайластырылатын учаскелерден тұрады», - деп жазылған Ашық НҚА порталында жарияланған Ұлттық экономика министрінің бұйрық жобасында.

Сонымен қоса жаңа талапқа сай, енді Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен 17 облыстың әкімдігі мына қызметтерді көрсетуге міндеттеледі:

- зираттарға арналған жер учаскелерін есепке алу және тіркеу деректерін (мәліметтерін) жинақтайды; 

- жерлеуге, зират қорымдарын күтіп ұстауға және оларға қызмет көрсетуге шарт талаптарының сақталуын бақылайды;

- зират қорымының бос емес және бос учаскелері бойынша өзекті ақпаратты жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсында орналастырады.

Бұйрық жобасы 21 қыркүйекке дейін көпшілік талқысында болады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты