USD
USD
USD

Енді ұстаздар өз жалақыларын өздері есептей алады

Білім және ғылым министрлігі педагогтердің айлығын есептейтін калькулятор жасап шығарды.

Енді ұстаздар өз жалақыларын өздері есептей алады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Енді кез келген мұғалім өз жалақысын өзі есептей алады. Бұл туралы бүгін білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова мәлімдеді. 

«Асхат Қанатұлы министр болып келген кезде бізге ұстаздардың еңбекақысын есептейтін калькулятор жасауды тапсырды. Енді кез келген педагог онлайн режимде өзінің айлығын есептей алады. Бұл дегеніміз, мұғалімдер бухгалтерлер мен қаржыгерлерге тәуелді болмайды», - деді Асылова министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Ұстаз калькуляторға өз категориясын, жұмыс өтілін, сағат санын жазып, жалақысын есептей алады. Сондай-ақ, экологиялық апатты аймақта тұрғаны үшін, магистрант, тәлімгерлік қызметтер үшін қандай үстемақы болатынын көріп, біле алады.

Асылованың айтуынша, қаңтар айының өзінде еңбекақыны есептейтін бөлімге елуден астам өтініш келіп түскен. Педагоготер әртүрлі себептерге байланысты айлығының дұрыс есептелмегенін айтып шағымданған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда жергілікті полиция қызметіне 20 мыңнан астам адам жетіспейді

ұрлық

Бапи, Мусин, Мүтәліп: Қазақстан Халық кеңесі құрамына кімдер кірді?

Ермұрат Бапи, Бағдат Мусин, Шахмұрат Мүтәліп

300-ге жуық үлескер зардап шекті: Астанада «Mardan» тұрғын үй кешеніне қатысты іс сотқа жолданды

«Mardan» тұрғын үй кешені үлескерлерінің қылмыстық ісі

ММА шебері Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарының чемпионы атанды

Еркінғали Бүркіталин