USD
USD
USD

Енді университет ректорларының рейтингі дайындалады

Жоғары оқу орындары ректорларының рейтингі енгізіледі. 
Енді университет ректорларының рейтингі дайындалады
Фото: NEGE.kz
 
Алматы, NEGE. Бұл туралы «Білім және ғылым – елдің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбындағы педагогтердің Республикалық тамыз конференциясының пленарлық сессиясында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті.
 

«Биыл қыркүйек айынан бастап жоғары оқу орындары ректорларының рейтингісін енгіземіз. Бұл өз кезегінде тетік болады. Осы рейтинг қорытындысы бойынша кадрлық әрі ұйымдастырушылық шешімдерді қабылдаймыз», - деді Асхат Аймағамбетов.

Бұл тұрғыда министр Қазақстандағы жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілетті болуы маңызды екенін атап өтті.

«Осы орайда жетістіктер университеттердің бірінші басшыларына да байланысты. Сондықтан бұл мәселе біз үшін өте маңызды», - деді ол.

Қазір оқып жатыр

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков

Жетісу облысында сыныптастар арасындағы жанжалдан соң оқушы көз жұмды

Қылмыстық іс

Байқоңырда 40 жастағы әйел бес баласына қатыгездік көрсетіп келген деген күдікке ілінді

сот

Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Полиция көлігі