USD
USD
USD

Енді такси жүргізушілерінен COVID-паспорт талап етіледі

Әзербайжанда такси жүргізушілері келесі айдың басына дейін міндетті түрде коронавирусқа қарсы толық вакциналаудан өтуі тиіс. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің БАҚ және қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы полиция майоры Эльшад Гаджиев мәлім етті.

Енді такси жүргізушілерінен COVID-паспорт талап етіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, 1 қазаннан бастап елде такси жүргізушілерінің COVID-паспорттарын тексеру бойынша рейдтер басталады. Полиция қызметкерлері екпенің екінші дозасын алмаған жүргізушілерге қатысты тиісті шараларды қолданатын болады.

«Жүк және жолаушы тасымалдаумен айналысатын, олардың ішінде такси қызметтерін ұсынатын азаматтардың 1 қыркүйектен бастап вакцинаның бірінші дозасын алғаны туралы құжаты болуы керек. 1 қазаннан бастап екінші дозаны қабылдағаны туралы құжат немесе иммунитет сертификаты талап етіледі», - деді Э. Гаджиев.

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі