20 Мамыр 09:43
...
Енді Қазақстанда қала, аудан, ауыл және көше атаулары өзгертілер кезде халықтың пікірі ескеріледі
Енді Қазақстанда қала, аудан, ауыл және көше атаулары, саябақтар мен тарихи орындардың аты өзгертілер кезде халықтың пікірі ескерілуі мүмкін.
Алматы, NEGE. Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланып, 29 мамырға дейін қоғам талқылауында болады.
«Жоба әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ атаулардың транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту тақырыбымен талқылауға ұсынылды»,- делінген қаулының жалпы сипаттамасында.
Яғни қаулы қабылданса, қандай да бір атауды өзгертпес бұрын жергілікті атқарушы органдар қоғамдық жиналыс өткізеді.