24 Мамыр 15:11
...

Енді кәмелетке толмаған балалар ата-анасының рұқсатынсыз Instagram, Facebook, WhatsApp желілеріне тіркеле алмайды

Фото:

Қазақстанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу мақсатында олардың әлеуметтік желілерге тіркелуін шектеу шаралары енгізіледі. Құжат жобасы Ашық НҚА порталында 6 маусымға дейін жария талқылауда болады.

Алматы, NEGE. Бұл жоба еліміздегі балалар арасындағы суицидтің алдын алу мақсатында қолға алынбақ.  Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған "Бала қорғау" кешенді жоспарынан белгілі болды.

Мұнда Instagram, Facebook, WhatsApp, ВКонтакте платформаларында кәмелетке толмағандарды заңды өкілдердің рұқсатынсыз тіркеуді шектеу жөнінде шаралар қабылдау 2025 жылғы 1 тоқсанға жоспарланғаны жазылған. Бұл бастамаға Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Ақпарат және қоғамдық даму, Оқу-ағарту министрліктері жауапты болады.

"Бала қорғау" кешенді жоспарындағы мәліметке сәйкес, елімізде жасөспірімдер арасында қылмыстық жағдай күрделене түскен. 2021 жылы 1529 қылмыс тіркелсе, 2022 жылы оолардың саны 12 пайызға артып, 1735-ке жеткен. Мұндай құқық бұзушылықтар, әсіресе, Алматы қаласы, Батыс Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау облыстарында жиі тіркеледі.

Құжат жобасы 6 маусымға дейін жария талқылауда болады.

Тегтер: