2 Қараша 16:35

Енді ғана диплом алған жас мұғалімдердің жұмысқа орналасуы неге қиын?

Фото:

Биыл әлеуметтік желілерде енді ғана диплом алған жас мамандардың мектепке жұмысқа орналаса алмаған айтып, өз оқиғаларымен бөліскен видеолар тарады. Мұғалімдерді конкурс арқылы іріктеу кезінде мемлекеттік мектептер жариялайтын бос жұмыс орындарына жас мамандардың тұруы оңай емес көрінеді. Сайтта өтініш тастап, конкурс арқылы өтетін іріктеуде еңбек өтілі бар, тәжірибелі мұғалімдерге басымдық беріледі.

Оқу орнын аяқтаған жас мамандардың бірден жұмысқа орналасуы неге қиын?  NEGE тілшісі жолдаған сауалға Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани БЕЙСЕМБАЕВ жауап берді. 

«Өздеріңіз де жақсы білесіздер, білім мекемелеріндегі білім сапасының артуы мұғалімге тікелей қатысты. Сол себепті мектептерде мықты мамандардың жұмыс істеуі заңды құбылыс. Дей тұрғанмен, жас мамандардың да білімі мен білігі жоғары болса, жұмысқа орналасуына  ешқандай кедергі жоқ. Бүгінгі Заңға сәйкес жас мамандардың жұмысқа сәйкес келетін талаптардан өтуіне рұқсат беріп отыр. Егер бос орын болса, барлық талаптарға сәйкес келетін болса ондай мықты жас мамандарға есік ашық. Тек жас маман сол өзі беретін пәннен білімі мен білігіне өте сенімді болуы керек», – деді Ғани Бейсембаев.

Тегтер: