USD
USD
USD

Енді блогерлер қайырымдылыққа қаржы жинамас бұрын келісімшарт жасауға міндеттеледі

Бесінші қыркүйектен бастап бастап Қазақстанда блогерлер арнайы келісімшартсыз азаматтарды қайырымдылық жасауға шақыра алмайды. Мұнда норма волонтерлік қызмет пен қайырымдылық жайлы заң жобасындағы өзгерістерге енгізілген.

Енді блогерлер қайырымдылыққа қаржы жинамас бұрын келісімшарт жасауға міндеттеледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Мәжіліс депутаты Вера Ким бұған дейін елде жұлдыздар мен блогерлердің қайырымдылық әрекеттері норма бойынша реттелмегенін айтып өтті. 

"Жұлдыздар мен блогерлер қаржы жинау үшін келісімшарт жасауы керек. Егер олар қандай да бір қайырымдылық қорымен жұмыс істесе, тиісті ұйыммен, егер көмекке мұқтаж азамат үшін қаржы жинаса, сол азаматпен келісім жасайды", – деді ол Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында. 

Ақпарат және қоғамдық даму министрі азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет блогерлер мен жұлдыздар келісімшартты бұзса, олардың әрекеті "Алаяқтық" және "Ұрлау" бабы бойынша қарастырылатынын айтты. 

"Блогерлер сөз жүзінде өз қызметі үшін қаржының 10%-ын ұстап қалатынын айтып, ал көмекке мұқтаж жандар мұны естімей қалған кездер болған. Салдарынан екі тарап арасында дау болады. Қазір біз көмекке мұқтаж және ақша жинайтын азамат арасындағы әрекетті заңдастырдық, себебі салық қызметі мен құқық қорғау органдары арасында сұрақ туындамауы керек", – деп түсіндірді Мадияр Қожахмет. 

Қазір оқып жатыр

Қостанайда балалар санитариялық жағдайы сын көтермейтін лагерьде демалуға мәжбүр болған

Светафор

Алматы маңындағы аудандардың бірінде жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды

сел қаупі

Қазақ дәрігері Қытайдың ең жоғары партиялық орденімен марапатталды

Оқас Сүлеймен

Қазақстанда ипотеканың шекті мөлшері өзгереді

ипотека