USD
USD
USD

Енді 50 жастан асқан қазақстандықтардың тегін білім алуына болады

Skills Enbek платформасында «Күміс жас» жобасы аясында 50 жастан асқан қазақстандықтар тегін білім алу мүмкіндігіне ие болады, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Енді 50 жастан асқан қазақстандықтардың тегін білім алуына болады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Күміс жас» жобасы аясында 50 жастан асқан қазақстандықтар одан әрі жұмысқа орналасу үшін Skills Enbek платформасында жаңа дағдыларды тегін үйрене алады. Арнайы бөлім бір ай бұрын ашылды, осы уақыт ішінде оған 2,9 мыңнан астам адам тіркелді, олардың 2,1 мыңы оқып, сертификат алды.

Мүгедектігі бар азаматтардың жеке көмекшісі болғысы келетіндер және мүгедектігі немесе созылмалы ауруы бар отбасы мүшесімен бірге еріп жүретіндерге арналған кәсіптік курстар бұл санаттағы азаматтар арасында көбірек сұранысқа ие.

Сондай-ақ, жобаға қатысушылар бройлер балапаны мен жылыжайларда лимон өсіру, ара шаруашылығы және т. б. курстарда оқуды жөн көреді.

Skills Enbek платформасындағы «Күміс жас» қосымша бетінде ақпараттық технологиялар, ауыл шаруашылығы, қаржы, білім беру, әлеуметтік қызмет көрсету, маркетинг және туризм сияқты бағыттар бойынша 120-дан астам курстар бар.

Пайдаланушыларға курстан өткені туралы сертификат беру көзделген, ол Enbek.kz порталындағы түйіндемеде автоматты түрде көрсетілетін болады. 

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала