USD
USD
USD

Энди Бернем Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі атанды

Энди Бернем ресми түрде Ұлыбританияның 59-премьер-министрі атанды.

Энди Бернем
Фото: Wikimedia commons

Астана, NEGE. Ұлыбритания королі III Чарльз Лейбористер партиясының жаңа көшбасшысы Энди Бернемге ел үкіметін құруды ресми түрде тапсырды, деп хабарлайды BBC.

«Мәртебелі Король парламент мүшесі, құрметті Энди Бернемді қабылдап, оған жаңа үкіметті құруды тапсырды», – делінген Букингем сарайының ресми мәлімдемесінде.

Бернемнің Ұлыбританияның келесі премьер-министрі болатыны бірнеше апта бұрын-ақ белгілі болғанымен, ол бұл қызметке ресми түрде тек бүгін, корольдің қабылдауынан кейін ғана кірісті.

Энди Бернем өткен жұма күні Кир Стармердің орнына Лейбористер партиясының жетекшісі болды.

Премьер-министр ретіндегі соңғы үндеуінде Стармер Энди Бернемді толық қолдайтынын мәлімдеді. Ол сондай-ақ Ресей басқыншылығына қарсы күресте Украинаны ары қарай да қолдай беретінін ерекше атап өтті.

56 жастағы Энди Бернем алғаш рет 2001 жылы Ұлыбритания парламентіне сайланды. Әр жылдары Қазынашылықтың бас хатшысы, Мәдениет министрі және Денсаулық сақтау министрі қызметтерін атқарды. Ал 2017-2026 жылдары Үлкен Манчестерді басқарды. Қалалық агломерацияны тиімді басқарудағы жетістіктері үшін оған «Солтүстіктің королі» деген бейресми лақап ат берілген.

Қазір оқып жатыр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция