«Енді тек түсіндірумен шектелмейміз»: заңсыз жұмыс істеп келген саудагерлерге қатаң ескерту жасалды
Сауда министрлігі азық-түлік базарларындағы тиімсіз делдалдарды қысқарту жұмысының алдын ала қорытындысын жариялады.
Астана, NEGE. Ведомство мәліметінше, баға жағдайына елеулі ықпал ететін 63 негізгі базарға тексеру жүргізілген. Кейін олардың қатарына «Алтын Орда» мен «Барыс-4» секілді ірі сауда орындарын қоса алғанда, 18 базар қосылған. Тексеру қорытындысы бойынша 486-ға жуық заңбұзушылық анықталған.
Сауда комитетінің төрағасы Ернұр Жәутікбаевтың айтуынша, тексеру барысында контрафактілік және таңбаланбаған өнімдер, көлеңкелі айналым, кассалық тәртіптің бұзылуы, еңбек қатынастарының рәсімделмеуі және сауда орындарын бірнеше мәрте қосалқы жалға беру фактілері тіркелген.
67 азық-түлік базарын тексеру кезінде 4 843 кәсіпкердің бақылау-касса машиналарын тіркемей бөлшек саудамен айналысқаны, ал 5 846 субъектінің тіркелген POS-терминалдары жоқ екені анықталды. Сонымен қатар 247 кәсіпкер табысын төмендетіп көрсеткені анықталып, оларға қосымша тексерулер тағайындалды. Бұдан бөлек, 109 кәсіпкерге тыңдауға шақыру туралы хабарлама жолданған. Олардың 74-іне қатысты тыңдау өткізіліп, нәтижесінде жалпы сомасы 3,5 млрд теңгеге қосымша жиынтық табыс декларациялары тапсырылған.
Базарларды тексеру жұмысына полиция қызметкерлері де тартылған. Олардың мәліметінше, базарлар мен оған іргелес аумақтарда 2 345 заңсыз көше саудасы фактісі, 37 заңсыз сауда дерегі және 37 заңсыз кәсіпкерлік анықталған.
Жұмысқа ішкі істер органдары да тартылған. Олардың мәліметінше, базарлар мен оған іргелес аумақтарда заңсыз көше саудасының 2 345 фактісі, заңсыз сауданың 37
«Тәуекел факторларын ескере отырып, заңсыз қызметтен бастап көлеңкелі жұмыспен қамтуға дейінгі, сондай-ақ санитарлық және өрт қауіпсіздігі талаптарының өрескел бұзылуы тіркелген 63 азық-түлік базары анықталды. Бұл нысандардың барлығы ерекше бақылауға алынды. Біз барлық қажетті профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Барлық ескертулер берілді. Енді тек түсіндірумен шектелмейміз. Қажет болған жағдайда осы базарлардың жұмыс форматын қайта қарауға дейін баратын қатаң шаралар қабылданады. Құқықтық алаңнан тыс жұмыс істейтін тұлғалар сауда жүйесінде қалмауы тиіс», – деді Арман Шаққалиев осы мәселе қаралған кеңесте.
Министрлік басшысы өңірлерге базарларды бақылауды күшейту, бейнебақылау жүйелерін орнату және тиімсіз делдалдарды анықтап, оларды осы жүйеден шығару жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Бұған қоса сауда үстемақыларына бақылау күшейтілуде.
Қазір оқып жатыр
«Аяғы шайналып кетті»: Қызылордада ойын-сауық саябағында жас жігіт ауыр жарақат алды
Маңғыстауда қарақұрт қаптады: ауруханаларда уға қарсы сарысу жеткіліксіз
«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді
2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды