USD
USD
USD

Енді студенттер жатақханаға тек Face ID арқылы кіруі мүмкін

Оқу-ағарту министрлігі «Ашық НҚА» порталында студенттерге жатақханадан орын беру туралы бұйрық жобасын жариялады.

Face ID, биометриялық сәйкестендіру жүйесі
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Жобаға сәйкес студенттерге арналған жатақханаларда биометриялық сәйкестендіру жүйесі енгізілуі мүмкін. 

Министрлік жатақханаларға бөтен адамдардың кіруін болдырмау үшін студенттерді бет-әлпетімен тану жүйесін (Face ID) пайдалануды жоспарлап отыр.

Қазір студенттер туралы ақпарат Ұлттық білім беру дерекқоры арқылы тексерілуде. Содан кейін ол ақпараттың өзекті және сенімді екендігіне көз жеткізу үшін мемлекеттік базамен салыстырылады.

Білім министрлігі жатақханалардағы кіруді басқару құрылғыларымен байланысты StudDom жүйесін пайдалануды ұсынады. Бұл карта мен биометриялық сәйкестендіруді (Face ID) пайдаланып, жатақханаға кімнің кіріп-шығатынын бақылауға көмектеседі.

Ал егер студенттердің жатақханада нақты тұратыны жөнінде қосымша мәліметтер қажет болған кезде оператор жатақхана тұрғындарына қоңырау шалады.

Бұйрық жобасы 20 қыркүйекке дейін қоғам талқысына шығарылды. 

Қазір оқып жатыр

ЭКСЖ: 67 жоба бойынша құрылыс жұмыстары әлі басталмаған

ЭКСЖ Жобалық кеңсесінің отырысы

«Өте жоғары жылдамдықпен жүрген»: Алматыда 54 жастағы электросамокатшы қаза тапты

Элетросамокат

Қазақстанда биыл мұнай экспорты 6,7%-ға төмендеген

Мұнай

Авиаотын бағасын негізсіз көтерген: Тараз әуежайына айыппұл салынды

әуежай