Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Енді сәлемдемелерді «поштаматтан» алуға болады

Мәжіліс пошта нарығын дамытуға бағытталған «Пошта туралы» заңға енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады.

Почта
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, пошта сәлемдемесін жеткізу және тапсыру рәсімін оңайлату, пароль (пин-код) енгізе отырып, құқықты растау процесі арқылы келісім алу жолымен адресаттарға, олардың заңды өкілдеріне, сенім білдірілген өкілдерге не үшінші тұлғаларға беру қарастырылған.

«Поштаматтарды көппәтерлі тұрғын үйлерде орналастыру нормалары да нақтыланады. Ғимараттардың, құрылысжайлардың, пәтерлердің және тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері пошта операторларына поштаматтарды шарттық негізде орнату үшін орын ұсына алады. Сонымен қатар пошта жәшіктері арқылы қарапайым хаттарды жіберу көлемінің жыл сайынғы төмендеуін, олардың өзектілігінің жоғалуын, күтіп-ұстау шығындарын және пошта бөлімшелерінде хаттарды қабылдау мүмкіндігін ескере отырып, бұл нормаларды заң мәтінінен алып тастау ұсынылады.

Бұл ретте көппәтерлі тұрғын үйлерде орналасқан абоненттік жәшіктер туралы ережелер өзгеріссіз қалады», - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық