USD
USD
USD

Енді мопедтерді тіркеуден өткізіп, мемлекеттік нөмір алу міндеттеледі

Мәжіліс «Жол жүрісі туралы» заңға және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске көлік құралдарының жекелеген түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді екінші оқылымда қабылдады.

Мопед
Фото: ғаламтордан

Астана, NEGE. Негізгі заңда шағын электрлі және көлік құралдарының жекелеген түрлерінің қозғалысын бақылау ұсынылады. Бұл мопедтерді пайдалану мен қозғалыс ережелерін реттеуге көмектеседі.

Осыған байланысты қозғалтқыш көлемі 50 текше сантиметрден төмен мопедтер автокөлік құралына жатқызылады. Олар тіркеуден өтіп, мемлекеттік нөмірді алуы қажет.

Сонымен қатар заң жобаларын пысықтау кезінде елге әкелінген мопедтердің көптігіне қатысты тәуекелдер де ескерілді. Осы жұмысты ұйымдастыру кезінде жаппай ажиотажға жол бермеу үшін оларды тіркеудің жаңа талаптары заңға қол қойылған соң 6 айдан кейін күшіне енеді.

Бұл уақыт мұндай мопедтерді «заңдастыру» үшін беріледі.

Қазір оқып жатыр

«Өмірде ешкімге жеңілдік жоқ»: протезбен жаттығатын бодибилдер шабытты қайдан алады?

Әділет Закиев

Астанада блогер Айтым Жақыпов жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл арқалады

Айтым Жақыпов

Қазақстан мен АҚШ тарабы Каспий құбыр консорциумына қатысты жағдайды талқылады

мұнай тасымалы

Өзбекстанда екі күн бұрын қызметінен кеткен экс-министр ұсталды – БАҚ

Журабек Мирзамахмудов