USD
USD
USD

Енді медицина мамандарына күш көрсеткендер 10 жылға дейін сотталуы мүмкін

Қазақстанда медицина қызметкерлеріне зорлық-зомбылық жасағаны үшін жаза күшейеді.

заң
Фото: turaninfo.kz

Астана, NEGE. Мәжіліс Қылмыстық кодекс пен Қылмыстық-процестік кодекске толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасы аясында Қылмыстық кодекске медицина мамандарына немесе жедел жәрдем жүргізушілеріне қызметтік міндетін орындау кезінде күш көрсеткені, денсаулығы мен қауіпсіздігіне қол сұққаны үшін қылмыстық жауапкершілік жүктейтін жаңа бап енгізіледі.

Адам өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданғаны үшін немесе күш қолданбақ болғаны үшін 500-ден 1000 АЕК-ке дейін айыппұл салу, не болмаса сол мөлшерде түзету жұмыстарына немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы ұсынылады. Егер ауыр әрекет жасалса, жаза 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру түрінде күшейтіледі.

Адам өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдануға қатысты 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Ауыр жағдайда жасалған болса, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысында бір стоматолог бір мезгілде ондаған пациенттің «тісін емдеген»

Стоматолог

Оқушы қыздар халықаралық математика олимпиадасында үш медаль жеңіп алды

Математика олимпиадасы

Ақмола облысында ерлі-зайыпты суррогат анамен соттасып, ақшасын қайтарып алды

суррогат ана

Концерттерге жалған билеттер сатылуда – ІІМ

алаяқ