Ломбардтан алынған қарыз несие немесе ипотека рәсімдеуге кедергі болуы мүмкін
Енді Қазақстанда ломбардтан алынған қарыз несие немесе ипотека рәсімдеуге кедергі болуы мүмкін. Қаржы нарығын реттеу агенттігі банктер қарыз алушының төлем қабілетін анықтау үшін барлық қаржылық деректерін тексеретінін мәлімдеді. Бұл туралы Информбюро бағдарламасында хабарлады.
Алматы, NEGE. Алимент, айыппұл, микрокредиттер және ломбардтан алған қарыз болса сұраныс мақұлданбай қалады. Сол себепті кепілдікке бағалы зат қабылдап, ақша беретін ломбард кредиттік бюроларға қазақстандықтардың берешегі туралы ақпарат беруге міндетті.
“Кепілге салынған мүлікті сату кезінде ломбардтағы заттарды кепілге беру туралы шарт бұзылады. Бұл ретте қарыз алушының міндеттемелері жойылады. Қарыздың тоқтатылғанын кепілдікті сату актісі немесе оны ломбардтың меншігіне айналдыру туралы шешім және қарызды өтеу туралы анықтама сияқты құжаттар растайды”, – деді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі департамент басқармасының бастығы Бағдат Зәуірбеков.
Қазір оқып жатыр
«Ғалымдар жаппай қуылды» деген ақпарат шындыққа жанаса ма? Ясауи университеті жауап берді
2 млрд теңге табыс тапқан: Алматыда Kizdar.net сайтын құрушылар қамауға алынды
АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігітке қатысты тың ақпарат айтылды
Samruk-Kazyna Construction еншілес компаниясын 228,8 млн теңгеге сатпақ