USD
USD
USD

Енді құжатсыз мас күйде көлік жүргізгендерге 8 жыл жүргізуші куәлігі берілмейді

Бүгін Сенатта «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды. 

Жүргізуші куәлігі
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Қазақстанда көлікті мас күйде жүргізген адамдарға жүргізуші куәлігі берілмейтінін айтты.

«Құқығы бар жүргізуші ұсталған кезде, ол әкімшілік тәртіпте 15 тәулікке қамауға алынады, содан кейін 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылады. Ал егер жүргізуші куәлігі жоқ азамат ұсталса, онда ол 20 тәулікке қамауға алынып, шартты түрде бір айдан кейін ХҚКО-ға келіп, емтихан тапсырып, жүргізуші куәлігін ала алады. Енді біз бұл заңды жойдық: қазір бұл санаттағы азаматтар 7 жыл ішінде ХҚКО-ға келіп, "жүргізуші куәлігін" алуға арналған емтиханды тапсыра алмайды. Яғни, олардың құқықтары теңестірілді», - деді Игорь Лепеха.

Сонымен қатар қазақстандықтар мопедтерін тіркеуге міндеттелді. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты