Енді Қазақстандағы қайырымдылық қорлар БАҚ арқылы есеп беруге міндеттеледі
Қазақстанда қайырымдылық туралы заңнамаға өзгерістер әзірленіп жатыр. Бұл түзетулер қорларды өз кірістері мен шығыстары туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға міндеттеуді көздейді.
Алматы, NEGE. Аталған бастама Biz Birgemiz Qazaqstan қорының негізін қалаушы Перизат Қайраттың ісіне байланысты көтеріліп отыр. Оған 3,5 миллиард теңгені жымқырды деген айып тағылды. Қорға ақша аударғандар қатарында ірі банктер де болған.
Үкімет өкілдері атап өткендей, қазақстандықтар жиі жеке тұлғаларға қаржы аударады, бірақ бұл қаражаттың нақты қалай жұмсалатыны туралы ақпараттан бейхабар. Жаңа заңнамалық өзгерістер осындай жағдайлардың алдын алуға бағытталған.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, бұл түзетулер азаматтарды қайырымдылыққа белсенді қатысуға ынталандырып, үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын ашық әрі айқын етуге септігін тигізеді. Қазіргі уақытта нақты ұсыныстар әзірлеумен айналысатын жұмыс тобы құрылған.
Қазір оқып жатыр
«Рөлде мас күйдегі құқық қорғау органы қызметкері болған»: Алматы облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
Ресейде Қазақстан үшін маңызды газ өңдеу зауытына дронмен шабуыл жасалды
Сарбаздар енді әскери бөлімге пицца мен бургерді тапсырыспен алдыра алады
БҚО-дағы Қазақстан-Ресей шекарасында жүк көліктерінің кептелісі 35 шақырымға жеткен