USD
USD
USD

Енді фонограммамен ән айтқан әншілерге 400 мың теңгеден жоғары айыппұл салынады

Қазақстанда Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске енгізілген түзетулер күшіне енді.

Микрофон
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев түзетулерге осы жылдың 19 маусымында қол қойған еді.

Атап айтқанда, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің мәдениет туралы заңнама талаптарын бұзуға қатысты 156-бабы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылды.

«Телевизиялық жазбаларды және концерттік ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арнайы бейімделмеген және арналмаған өзге де орындарды қоспағанда, концерттік ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде ұйымдастырушылардың, шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың дауыс (вокалды) фонограммаларын пайдалануы – жеке тұлғаларға – 100 АЕК, заңды тұлғаларға 150 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді», – делінген заңнамада.

2026 жылы 1 АЕК 4325 теңге деп белгіленгенін ескерсек, жеке тұлғаларға 432 500 теңге, ал заңды тұлғаларға 648 750 теңге мөлшерінде айыппұл салынады.

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін заңбұзушылық бір жыл ішінде қайталанатын болса, жеке тұлғаларға – 150 АЕК (648 750 теңге), ал заңды тұлғаларға 200 АЕК (865 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салынбақ.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясына жасалған шабуыл кезінде 12 адам қаза тапты: Қазақстан СІМ мәлімдеме жасады

СІМ ғимараты

Шымкентте Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырған адам ұсталды

.

Қазақстандықтар такси шақыра алмай жатыр: «Яндекс Go» жұмысында ақау шықты

такси

Қайрат Нұртастың концертіндегі дүрбелең: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

ұрлық