USD
USD
USD

Енді есірткі бизнесін ұйымдастырғандар өмір бойына бостандығынан айырылады

Сенат есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресті күшейтті. Бұдан былай есірткі бизнесін ұйымдастырушылар өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Есірткі
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Бұл құжат «есірткі көмушілер» мен оларды қылмысқа итермелейтіндердің арасындағы қылмыстық жауапкершілікті ажырату үшін әзірленген

Қылмыстық кодекстің 297-бабында есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу қылмыстарының бірқатары үшін жаза мерзімдері 2 жыл мерзімге, ал кейбіріне — 3 жыл мерзімге төмендету арқылы өзгертіледі.

Аталған қылмыстар үшін мүлiктi тәркiлеу жазасы сақталады. Қылмыстық кодекс жаңа 297-1-баппен толықтырылады. Яғни, есірткі бизнесін ұйымдастырушылар мен есірткі және есірткі тектестерді өндірушілердің жазасын бас бостандығынан айыру мерзімін өмір бойына дейін ұлғайту арқылы күшейтіледі.

Заңда Қылмыстық кодекстің 301-бабын толықтыру арқылы, елдің ішінде күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы мен өндірісі үшін жауапкершілік белгілеу көзделеді. Қазіргі уақытта олардың контрабандасы үшін ғана жауапкершілік қарастырылып келді.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне күшті әсер ететін зат ұғымы енгізіледі. Профилактикалық мақсатта есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, күшті әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтынуға тыйым салу белгіленеді.

Қазір оқып жатыр

Президент БАҚ пен желіде сән-салтанатты өмір мен «жеңіл ақша» культін дәріптеуді сынға алды

Желі

«Дәстүрлі медианың дәурені өтті» дегенмен келіспеймін – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев

Павлодар маңында Ми-8 тікұшағы апатты жағдайда қонды

тікұшақ

Қазақстан Қытайдан жанар-жағармайды баж салығынсыз импорттауы мүмкін

Бензин, дизель