USD
USD
USD

Енді бір байланыс операторынан екіншісіне ауысу ұзақ уақыт алуы мүмкін

Қазақстанда байланыс операторын ауыстыру рәсімі өзгеруі мүмкін.

Сим-карта
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Ашық НҚА порталында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бұйрығы жарияланды. Құжат ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларына өзгеріс енгізуді көздейді.

«Түзетулердің негізгі мақсаты – абоненттік нөмірлерді көшіру рәсімін жетілдіру және клиенттерге ыңғайлы жағдай жасау. Бұл нөмір алғаш іске қосылғаннан кейін 60 күннен аз уақыт өтсе, абонентке донор операторды ауыстырудан бас тартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар донор оператордың нөмір көшіруге сұранымға жауабының ең ұзақ мерзімі 10 минут мөлшерінде белгіленеді», – делінген түсіндірмеде.

Министрлік өкілдерінің мәлімдеуінше, жобаны қабылдау абонент үшін байланыстың мүмкін болмау кезеңін барынша азайтады.

Құжат 6 наурызға дейін талқылануға тиіс.

Қазір оқып жатыр

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум