Білім беру ұйымдарында алғашқы әскери дайындықтан тек әскери қызмет өткерген адамдар ғана сабақ береді
Әскери кафедраларға штаттан тыс әскери лауазым енгізіледі. Осылайша білім беру ұйымдарына берілген қару-жарақ пен әскери техниканы сақтау мен пайдалануды бір мезгілде бақылайтын әскери оқытушылардың мәртебесі айқындалады.
Алматы, NEGE. Ал алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдеріне әскери борышын өтеу талабы енгізілді, бұл мектептер мен колледждерде осы пәнді оқытудың сапасын арттыруға ықпал етеді. Сондай-ақ түзетулер әскерлерді жүргізушілермен қамтамасыз ету мәселесін шешеді.
18 жасқа толған әскери қызметшілерге 21 жасқа толғанға дейін «D», «СЕ» санатындағы көлік құралдарын жүргізуді үйрету жоспарланып отыр. Олар тек Қарулы Күштерге тиесілі көліктерді жүргізе алады. Қарулы Күштер қатарындағы ауыр жүк көліктерін жүргізушілердің саны артады, бұл өз кезегінде бөлімшелердің жауынгерлік әзірлік деңгейін жақсартады.
Сондай-ақ қызмет өткеру кезеңінде «автобус жүргізушісі» мамандығы бойынша білім алған әскери қызметшілер автобусты басқару құқығын қосымша оқусыз өте алады.
Қазір оқып жатыр
115 мың қазақстандық Тоқаевтан жануарларды эвтаназиялау туралы заңға вето қоюды сұрады
Алматыда аса ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 10 адам ұсталды
Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді
Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады