USD
USD
USD

Енді басқа емханаға кез келген уақытта ауысуға болады

Денсаулық сақтау министрлігі ел тұрғындарын емханаларға бекіту қағидасына өзгеріс енгізетін бұйрық жобасын әзірледі.

Емхана
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Министрлік ұсынған бұйрық жобасында ел тұрғындарын медициналық ұйымдарға жыл сайын бекіту науқанын жою қарастырылған.

«Бұл ретте медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы және көшу кезінде немесе пациенттің қалауы бойынша емхананы ауыстыру мүмкіндігі сақталады», – делінген құжаттың түсіндірме жазбасында.

Бұған дейін ел тұрғындары жылына бір рет қана жаңа емханаға ауыса алатын. Бастапқыда тіркеу науқаны 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін жүргізіліп келді; 2025 жылы ол 1 қыркүйектен 1 қарашаға дейінгі уақытқа ұзартылды. Енді науқастар бұл науқанды күтпестен және нақты себептерді көрсетпестен, жылдың кез келген уақытында басқа медициналық мекемеге ауыса алады.

ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің басқарма басшысы Әсел Қыдырәлиеваның түсіндіруінше, ұсынылып отырған өзгерістер бойынша, тұрғындар жаңа медициналық мекемеге тіркелгеннен кейін 1 қаңтарды күтпестен, келесі айдан бастап қызмет алуға жүгіне алады. Әкімшілік-аумаққа қойылатын талап нақтыланған, яғни  тұрғындар өз ауданындағы емханаларға ғана тіркеле алады.

Бұл ретте жүкті әйелдер мен бес жасқа дейінгі балаларға ерекше жағдай жасалған – енді олар емхананы нақты тұрғылықты жеріне қарай таңдай алады. Сонымен қатар 18 жасқа дейінгі балалар ата-анасының бірі тіркелген емханаға тіркелуі қажет.

Бұйрық жобасы 28 мамырға дейін қоғам талқылауына шығарылған.

Қазір оқып жатыр

Air Astana-ның Дубайға ұшатын рейстері қайта тоқтайды

Air Astana

Қазақстандық мамандар қазақша дубляж жасайтын ЖИ ұсынды

ISSAI

Құрылтайдағы әйелдер рөлін тек квота бойынша бағаламау керек – Women in Tech Kazakhstan басшысы

Әсем Болатжан

«Семей орманындағы» өрт: Бектенов екі министрді шұғыл түрде Абай облысына жіберді

өрт