USD
USD
USD

Енді баласы балағат сөздер айтқаны үшін ата-анасы айыппұл төлейді

Қазақстанда балалардың қоғамдық орындар мен әлеуметтік желілердегі дөрекі сөздері үшін жаза күшейтілді.

Балалар интернет
Фото: pinterest.com

Алматы, NEGE. Қылмыстық кодекстің 131-бабына сәйкес, көпшілік алдында ар-намысты қорлау, әсіресе әдепсіз түрде (ауызша немесе жазбаша) балағаттау жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Ал егер жай ғана көшеде дөрекі сөздер айтылса, бұл — ұсақ бұзақылыққа жатады.

Ар-намысты қорлап, балағаттағаны үшін ересектер 100 АЕК (393 200 теңгеге дейін) айыппұл төлейді немесе 120 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады.

Қоғамдық орында бейәдеп сөз айтқаны үшін: 20 АЕК (78 640 теңге) айыппұл немесе 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамау, қайталап жасалса 30 тәулікке дейін қамалады.

Кәмелетке толмағандардың әрекеттері үшін ата-аналар немесе заңды өкілдер жауапты.

Айыппұл мөлшері жасына байланысты:

• 14–16 жас: ата-аналар төлейді — 7 АЕК (27 524 теңге)

• 16–18 жас: жасөспірім жеке жауапқа тартылуы мүмкін; жұмыс істемесе ата-анасы 10 АЕК (39 320 теңге) айыппұл төлейді

• 12 жасқа дейін: толық жауапкершілік ата-аналарда; айыппұл — 10-нан 15 АЕК-ке дейін (39 320 – 58 980 теңге)

Әлеуметтік желілердегі балағат сөздер мен буллингке қатысты да қатаң жаза қарастырылған: айыппұл — 200 АЕК-ке дейін (786 400 теңге).

Полиция әр жағдайды жеке қарастырады. Дәлел ретінде куәгерлердің сөзі, бейне және аудио жазбалар, сондай-ақ жазбаша балағат сөздерге қатысты лингвистикалық сараптамалар пайдаланылуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Тоқаев, Ердоған

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Трамп ұлдарымен

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

.

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

депуттар