USD
USD
USD

Енді «автодозвонның» орнына SMS-хабарлама жіберіледі: ережеге өзгеріс енгізілмек

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Байланыс қызметтерін көрсету ережесіне өзгерістер енізіліп жатқанын хабарлады.

Смартфон
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Депутат автоматты қайта қоңырау шалу мәселесін Мәжілістің жалпы отырысында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің алдында көтеріп, заңға түзету енгізуге бастамашы болған.

«Нәтиже бар. Қазіргі уақытта Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларына тиісті өзгерістер енгізілуде. Жаңа ережеге сай, абонентті қабылданбаған қоңыраулар туралы SMS арқылы ғана іске асырылады», – деп, Асхат Аймағамбетов Telegram-дағы арнасында министрлік өкілінің жауабын қоса жариялады.

Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев қол қойған құжатта бұйрық жобасы Әділет министрлігінің ескертулері мен ұсыныстарына сәйкес пысықталып жатқаны айтылған.

Бұған қоса депутат заң жобасы шеңберінде рұқсат етілмеген трафикті генерациялауға тыйым салу бойынша да арнайы түзетулер қарастырылып жатқанын жеткізді.

Асхат Аймағамбетов халықты мазалайтын, спамға айналған заңсыз қоңырауларға құқықтық тұрғыдан нақты тосқауыл қою маңызды екенін айтады.

Қазір оқып жатыр

Демалыс күндері ел аумағында қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді, үсік жүреді

ауа райы

Журналист Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Ботагөз Омарова

6 өңірден салымшы тартқан: Таразда Еnvida ai қаржы пирамидасын құрушылар тексеріліп жатыр

ҚМА

«Бетінің сау тамтығы қалмаған»: Түркістан облысында бес жасар қызды ит талады

Ит қапқан