USD
USD
USD

Енді ата-аналар баласының қанша уақыт TikTok қарайтынын бақылай алады

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты.

Тик ток
Фото: Pinterest.com

Алматы, NEGE. «Платформа жасөспірімдер үшін қауіпсіз онлайн кеңістік құруға және ата-аналарға балаларының TikTok-тағы белсенділігін басқаруға көмектесетін жаңа мүмкіндіктерді іске қосқанын хабарлайды. Жасөспірімдерге қосымшаны шектеуге мүмкіндік беретін жаңа функцияны енгізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ сағат 22:00-ден кейін тынығуға көмектесетін жаңа мүмкіндікті іске қоспақ», – деп жазды министр.

Сонымен қатар TikTok-та «Демалыс» деген жаңа функция қосылды. Ол қосымшаны белгілі бір уақытқа бұғаттауға мүмкіндік береді.

Енді ата-аналар:

– Балаларына TikTok-ты шектеу уақытын белгілей алады.

– Цифрлы детокс үшін қайталанатын кестені орната алады.

– Шектеу қойылған уақыт аралығында жасөспірімнің TikTok-ты қолдану сұранысын қабылдай алады.

Оған қоса «Отбасылық баптаулардың» жаңа функциясы ата-аналарға балаларының аккаунты туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Министрдің айтуынша, алдағы уақытта жасөспірімдерге қауымдастық ережелеріне сәйкес келмейтін контент туралы ата-аналарына хабарлау мүмкіндігін қосу жоспарланып отыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда дәрігерге жұмыс үстінде шабуыл жасалса, сақтандыру төлемі берілуі мүмкін

МӘМС

Президент ШЫҰ құрамындағы елдерді қарулану жарысын тежеу мәселесін талқылауға шақырды

Тоқаев

Тоқаев Еуразияның заманауи көлік-логистикалық қаңқасын құру ісін жеделдетуді ұсынды

Тоқаев

+35°С ыстық және үсік: қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды

ауа райы болжамы