USD
USD
USD

Енді әр құрылыстың өз «ЖСН»-і болады

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев құрылыс нысанының бірегей нөмірі не үшін енгізілетінін түсіндірді. 

Экономика
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Нысанның бірегей нөмірі деген шынымен де жаңашылдық деп айтуға болады. Күнделікті өмірмен салыстырсақ, нысанның бірегей нөмірі деген әр адамда бар ЖСН-ге ұқсайды. Бірегей нөмір нысанға мемлекеттік қала құрылысы кадастрында жобалау кезеңінде беріледі. Ол нөмір автоматты түрде беріледі және нысанның бүкіл «өмір» тізбегінде онымен бірге жүреді – жоспарлау кезеңінде, сараптама кезеңінде, құрылыс кезеңінде, тіпті утильдеу кезеңінде бірге болады», — деді министр Мәжіліс депутатының сұрағына берген жауапта.

Оның сөзінше, бұл құрылыс сапасын қадағалауға да оңтайлы.

«Мынандай мысал келтірейін. Қазір кейбір нысан қолданысқа берілгеннен кейін меншік иесі оны жетілдіргісі келсе, қандай да бір өзгерту енгізгісі келсе, бастапқы құжаттарын таба алмай жатады. Өйткені құрылыс біткен соң өткізген құжаттар жоғалған болып шығады. Енді нысанды белгілі бір уақыт өткеннен кейін жаңғыртқыңыз келсе, бірегей нөмір бойынша жүйеден бүкіл құжатын таба аласыз. Бастапқы жобасы қандай болғанын, қандай материалдар мен тәсілдер қолданылғанын көре аласыз. Осы бірегей нөмір арқылы цифрлық форматта нысанды қадағалап отыруға болады», – деді Ерсайын Нағаспаев.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19%-ы қатысты – ОСК

Құрылтай сайлауы

Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі: Келушілер қарасы мол

Құрылтай сайлауы

Маңғыстауда жаңа сайлау учаскелерінде дауыс беру белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып жатыр

Балым

Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы дұрыс емес – Тоқаев

жүріс-тұрыс әдебі