USD
USD
USD

Енді Алматы көшелерінде троллейбустардың жүрмейтіні рас па?

БАҚ беттерінде және әлеуметтік желіде Алматы әкімдігі троллейбустардан бас тартып, олардың орнына электробустар енгізуді жоспарлап отыр деген ақпарат тараған болатын.

Троллейбус
Фото: 2gis

Алматы, NEGE. Жазылған мәліметтерге сәйкес, троллейбустардан бас тарту шешімі қаланың сыртқы келбетін жақсарту мақтсатында қабылданған. Троллейбустардың сымдары қала көрінісін бұзады-мыс.

Алайда Алматы әкімдігі аталмыш ақпаратты жоққа шығарды.

«Қазіргі уақытта троллейбустардан бас тарту, контакт желілерін алып тастау немесе көлік паркін толық жаңарту жоспарланып отырған жоқ. Қалалық қызметтер қоғамдық көлікті дамыту бағдарламалары аясында жұмысты жалғастырып, тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді тасымалмен қамтамасыз етуге күш салып жатыр», – деді Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі NEGE тілшісіне берген жауабында.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек