USD
USD
USD

Енді шотқа 500 мың теңгеден астам ақша салатын болсаңыз, ЖСН жазуыңызға тура келеді

Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов банк картасын 500 мың теңгеден жоғары сомаға толтырған кезде жіберушіден міндетті түрде ЖСН енгізу талап етілетінін хабарлады.

ақша
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл шара банкоматтар арқылы қолма-қол ақша шығару схемасына қарсы бағытталғаны айтылды.

«Банкоматтардан қолма-қол ақшаға айналдыру схемалары өзекті болып отыр. Қолданылып жатқан шараларға қарамастан, мұндай операциялардың көлемі өсіп барады. Жіберуші мен алушыны тиісті сәйкестендірудің болмауы аноним операциялар жасау мүмкіндігіне жол беріп тұр. Тәуекелдерді азайту мақсатында агенттік реттеушімен бірлесіп бірқатар практикалық шешім әзірледі», – деді Бижанов Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, енді басқа адамның банк картасына 500 мың теңгеден жоғары сома аударылған жағдайда жеке сәйкестендіру нөмірін көрсету міндетті болады. Бұған дейін тек алушының ЖСН нөмірін жазу жеткілікті болатын. Сондай-ақ, мұндай операцияларды мобильді қосымша немесе SMS арқылы растау мүмкіндігін енгізу мәселесі қарастырылып жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Ересектермен бірдей жазаға тартылады»: ІІМ ата-аналарға ескерту жасады

Есірткі қылмысы

«Кастетпен ұрған»: Таразда тоғызыншы сынып оқушысын жеті қыз жабылып соққыға жыққан

қыз

Астана мен Алматыда пәтер бағасының өсуіне не әсер етеді?

Астана

Мұнай бағасы тағы өсті

Мұнай