USD
USD
USD

Енді 21 жасқа дейінгі қазақстандықтарға ресми келісімсіз несие берілмейді

Қаржы нарығын дамыту туралы заң аясында тұтынушылық кепілсіз онлайн несиелерді беру үшін 24 сағаттық «салқындату кезеңі» енгізіледі.

Ақша
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Несие алуға алғаш рет өтініш білдірген қазақстандықтардың банктің немесе микроқаржы ұйымының филиалында міндетті түрде болуталабы белгіленеді.

Сонымен қатар 21 жасқа толмаған және 55 жастан асқан азаматтар кепілсіз тұтынушылық несиеніенді «электронды үкімет» порталы арқылы келісімалғаннан кейін ғана ала алады (бұл ереже заңға тәуелді актілерде көрсетіледі). Әскери қызмет өткеру уақытында әскери қызметшілерге несиелер мен шағын несиелер алуға тыйым салынады.

Қаржы институттарының алаяқтық несиелер мен микроқарыздарды есептен шығару негіздері де кеңейтіледі. Ал банктер алаяқтық белгілері бар транзакцияларды анықтаған жағдайда банк шотыбойынша шығыс операцияларын тоқтатуға өкілеттік алады.

Жеке норма Ұлттық Банкке төтенше жағдай кезеңінде қаржы ұйымдарының төлем қызметтерін көрсету тәртібі мен шарттарына шектеулер енгізу құқығына қатысты. Өз кезегінде «Отбасы Банкі» АҚ мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесі аясында білім беру несиелерін беру құқығына ие болады.

Қазір оқып жатыр

ДДСҰ Иркутскідегі жағдайға қатысты қауіп деңгейін бағалады

уланған қыз

Құрылтай депутаты Татьяна Савельева мандатын мерзімінен бұрын тоқтатты

Татьяна Савельева

Он ойыншымен қалған Фарер аралдарын Қазақстан құрамасы жеңе алмады

Матч

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы