Еңбекшіқазақ ауылында 180 пәтерлі үш үй тапсырылуы тиіс- Алматы Облысы
Жыл соңына дейін Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында 180 пәтерлі үш үй тапсырылуы тиіс, деп хабарлайды 24.kz.
Оның бірі Шелек елді-мекенінде, екеуі аудан орталығы – Есік қаласында бой көтерді. Дегенмен, қазіргі уақытта қалада салынған үйлердің айналасын аббаттандыру жұмысы аяқталмаған. Нысан тапсыру мерзімінен кешігіп жатыр. Құрылысқа жауапты мамандар болса пәтерлер тапсыруға толық дайын дейді. Ал, төңірегін көркейтіп, аула салу жұмыстарының кейінге шегеріліп жатқаны инженерлік жүйелердің толық тартылмауына байланысты деп түсіндіреді. Жалпы аудан бойынша үй кезегінде 4 300 адам тұр. Екі және үш бөлмелі пәтерлер ең алдымен көпбалалы аналарға, ардагерлерге, мүгедектер мен бюджеттік сала мамандарына беріледі. Баспанаға сұраныс жыл сайын артып келеді. Сондықтан үй құрылысы жоспарға сай келесі жылы да жалғасады.
Бейбіт Ысқақов, Еңбекшіқазақ аудандық түкш бөлімінің басшысы:
- Бағдарлама бойынша ағымдағы 2-3 жылда Есік қаласында 550 пәтерлі 9 тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар Шелек ауылында келесі жылы екі 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысын жүргізу жоспарланып отыр.