Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Еңбекшіқазақ ауданына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысы әкімінің өкімімен Әлібек Әскербекұлы Жақанбаев Еңбекшіқазақ ауданының әкімі болып тағайындалды.

Еңбекшіқазақ ауданына жаңа әкім тағайындалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әлібек Әскербекұлы Жақанбаев 1964 жылы туған. Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтын орман шаруашылығының инженері мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алакөл ауданы «Левобережный» кеңшарының жұмысшысы болып бастады. Әр жылдарда Семей қаласында «Зеленстрой» шаруашылық есептегі учаскесі көгалдандыру бөлімінің агрономы, Алакөл ауданында Алакөл механикаландырылған орман шаруашылығының жұмысшысы, цех шебері, инженері, Үшарал орман шаруашылығында орманшы, бас орманшы, «Қаратал орманы» ММК Алакөл филиалының директоры, «Талдықорған ағаштары» ММК Алакөл филиалының директоры, «Алакөл орман шаруашылығы» ММ директорының орынбасары, директоры, Сарқан ауданының әкімі қызметтерін атқарды.

2011 жылдың мамыр айынан – Алакөл ауданының әкімі.

Қазір оқып жатыр

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуін жәбірленуші мәртебесінде қалдырды

Әділет Зейнел

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел